Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 20:02 Сурет: telegram/madenietaqparat
Мемлекет басшысы көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Құрмет" орденінің иегері Ардақ Әмірқұловтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.


"Ардақ Әмірқұлов бар саналы ғұмырын кино өнеріне арнап, ұлт мәдениетін ұлықтауға мол үлес қосты. Кәсіби киногер ретінде "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары!" сияқты тарихи туындыларды таспалап, төл руханиятымыздың алтын қорын байыта білді. Қазақ кинематографиясын өркендету жолында ұстаздық қызмет атқарып, дарынды шәкірттер тәрбиеледі. Соңына рухани мол мұра қалдырған Ардақ Әмірқұловтың иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін белгілі қазақстандық кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов 71 жасқа қараған шағында дүниеден өткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: