ШҚО-да полицейлер дрон арқылы жоғалған жылқыларды іздеп тапты
Сурет: polisia.kz
Жылқыларды іздеу аумақтың кеңдігі мен жер бедерінің күрделілігіне байланысты қиындық туғызған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жерді жедел шолып шығу үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланған.
Әуеден жүргізілген бақылау нәтижесінде ауқымды аумақ қысқа уақытта тексеріліп, жылқылардың жүрген жері анықталды. Жануарлар жоғалған жерден 27 шақырым қашықтықтан табылды. 12 жылқының барлығы иесіне қайтарылды.
Ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану іздеу уақытын едәуір қысқартып, ашық әрі жетуі қиын аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік берді.
Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін малдың жайылымдағы қозғалысын бақылауда ұстауға және қараусыз қалдырмауға шақырады. Бақылаусыз жүрген мал жоғалып қана қоймай, жолға шығып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.