Фото арқылы eGov-тағы жеке деректерге қол жеткізу мүмкін бе
Фото: gov4c.kz
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Жаслан Мәдиев жасанды интеллектіні енгізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке деректерін қорғау министрліктің басты басымдығы екенін атап өтті.
"Киберқауіпсіздік туралы" жаңа заң мемлекеттік базалардағы деректерді сақтау, бүркемелеу және олардан ақпаратты жүктеп алу тәртібін қатаң реттейді. eGov жүйесінде әр азамат өзінің деректеріне кімнің және қандай мақсатпен жүгінгенін көре алады. Сондай-ақ азамат деректерін өңдеуге келісім бере алады немесе одан бас тарта алады. Биометриялық сәйкестендіру кезінде жүйе оның алдында тұрған адамның тірі адам немесе тірі емес нысан екенін тексереді. Сондықтан фото немесе дипфейк арқылы биометриялық тексеруден өту мүмкін емес", – деп түсіндірді министр.
Сонымен қатар жеке тұлғаны растаудың қосымша тәсілдері де қолданылады. Олардың қатарында SMS арқылы жіберілетін код, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және пароль бар.
Бұл ретте, премьер-министр Олжас Бектенов министрліктің бастамаларын қолдады.
"Жақсы. Бұл – өте өзекті мәселе. Бұл салада тәртіп пен талап қатаң сақталуы керек", – деді Үкімет басшысы.
Бұған дейін байланыс операторларының қоңыраулары қалай таңбаланатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript