Бұқтырма және Қатон-Қарағайдағы демалыс үйлеріне тексеріс жүргізілді - мамандар қандай заңсыздықты анықтады

Бұқтырма және Қатон-Қарағайдағы демалыс үйлеріне тексеріс жүргізілді - мамандар қандай заңсыздықты анықтады , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 09:42 Сурет: magnific
Шығыс Қазақстан облысында кәріз қалдығымен төңірегін ластаған демалыс базаларының иесі жазаланды. Қазір экология тәртібіне бағынбаған төрт қожайынға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпарына сүйенсек, Бұқтырма мен Қатон-Қарағайдағы демалыс үйлерінің қожайындары экологиялық талапты тасада қалдырған — аулаларынан кәріз құдығын қазып, оның астын бетондамаған. Соның салдарынан лас су айналасына емін-еркін сіңіп кеткен. Тіпті кәріз құдықтары лық толып, кір су далаға жайылып жатыр. Тексеріс жүргізген өңір экологтары демалыс базаларының әжетханалары да талапқа сай келмейтінін анықтаған. Енді олар топырақ пен судан сынама алып, сараптамаға жіберді. Экология талабын бұзған төрт адам 2 млн 140 мың теңгеден айыппұл арқалады.

"Мұндай жағдай қоршаған орта және топырақ пен су ресурсына кері әсер етуі мүмкін. Заң бұзуға жол берген нысандар әкімшілік жауапқа тартылды. Департамент тарапынан жергілікті тазарту құрылысын әзірлеу және енгізу қажетті туралы нұсқама берілді".Фархат Кнасилов, ШҚО Экология департаментінің зертхана жетекшісі:

Бұған дейін Алматыда темекі үшін болған дау төбелеске ұласып, сатушы сатып алушыны ұрып тастағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: