Алматыда Төле би көшесіндегі көлік қозғалысы 8 сағатқа ішінара шектеледі
Фото: Zakon.kz
Алматыда қаланың ең көне, маңызды әрі ұзын магистральдық көшелерінің бірі саналатын Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 14 тамызда қала әкімдігі мәлімдеді.
"Алматыда жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Электрмен жабдықтау желілерін қайта құруға байланысты 14 тамыз сағат 22:00-ден 15 тамыз сағат 06:00-ге дейін Мұқанов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады", – делінген хабарламада.
Қала әкімдігі жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылатынын мәлімдеді.
"Бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", – деп қорытындылады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2026 жылғы 13 тамызда Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автомобиль жолының бір бөлігі жабылатыны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript