Атырауда колонияға тыйым салынған затты тағам арасына жасырып өткізбек болғандар ұсталды
Сурет: polisia.kz
Атырау облысында ерлер колониясына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді. Бұл жолы телефонды мекеме аумағына өткізбек болғандар оны тағам өнімдерінің арасына жасыруға тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында №15 мекеме қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеді.
"Тексеру кезінде телефонның пюре мен қарақұмықтың арасына жасырылғаны анықталды. Осылайша, мекеме қызметкерлерінің қырағы бақылауының арқасында тыйым салынған затты ішке өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript