Атырауда тергеу изоляторына телефон өткізбек болған

тамақ ішіндегі телефон, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 11:21 Сурет: Polisia.kz
Атырау облысында тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Іс-шара 30 шілдеден бастап өткізіліп жатыр.

Атыраудағы №75 мекемеге келіп түскен сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер азық-түлік арасынан жасырылған ұялы телефон анықтаған.

Тексеру барысында тыйым салынған затты мекеме аумағына өткізуге әрекет жасаған азаматтың жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мекемелердің ішкі аумағына ұялы телефондар мен өзге де тыйым салынған заттарды өткізуге жол берілмейтінін ескертті. Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара 17 тамызға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: