"Қазгидромет" Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 09:46 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік астанасында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты Алматы тұрғындарына көшеде жүру уақытын қысқарту ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін "Қазгидромет" РМК таратқан ескертуде айтылды.

"2026 жылғы 17 тамызда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, баяу жел, тұман және инверсия жатады.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын өзге де нысандардың маңында ашық ауада жүру уақытын қысқарту ұсынылады.

Өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар көшеге шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Еске салайық, 2026 жылғы 16 тамызда Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: