Алматылықтар автобус, троллейбус пен метрода бір күн тегін жүре алады
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 23 тамыз, жексенбі күні Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 17 тамызда Алматы әкімдігінің Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы мәлімдеді.
"23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаладағы қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Күні бойы қоғамдық көліктің барлық бағытында – автобустар, троллейбустар мен метрода жолаушылар тегін қатынай алады", – деп хабарлады басқарма.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім сайлау күні Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының қоғамдық көлікпен ыңғайлы әрі еркін жүруіне жағдай жасау үшін қабылданған.
Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын сапарларын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript