Алматыда сайлау күні мүгедектігі бар азаматтарға "Инватакси" қызмет көрсетеді

Алматыда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 15:54 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, сайлаушыларды дауыс беру учаскелеріне жеткізу үшін 170 "Инватакси" көлігі жұмылдырылады. Оның 36-сы арнайы жабдықталған, ал 134-і – жеңіл автокөлік.

Қызметті арбамен қозғалатын, тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады.

Арбамен қозғалатын және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар көлікке алдын ала тапсырыс беру үшін мына нөмірлерге хабарласа алады:

  • +7 747 195 35 75;
  • +7 707 710 60 50 (WhatsApp);
  • +7 747 402 64 15 (WhatsApp).

Көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған байланыс нөмірлері:

  • +7 727 338 32 78;
  • +7 700 521 26 33;
  • +7 777 611 13 57 (WhatsApp).

Бұдан бөлек, сайлау күні қалада 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: