Атырауда полиция қызметкері есінен танып қалған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті
Сурет: polisia.kz
Атырау қаласындағы маркеттердің бірінде полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы Роман Есмұханов өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған 32 жастағы әйел адамды байқап, бірден көмекке ұмтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицей әйел адамның жағдайын бағалап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін абайлап жатқызып, басын қорғап, тыныс алуын бақылаған.
Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін полиция майоры әйел адамның жанынан табылып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
"Қызмет барысында азаматтардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, қиын сәтте дер кезінде көмек көрсету – полицейлердің кәсіби міндетіне деген жауапкершілігінің көрінісі. Роман Есмұхановтың жедел әрі сабырлы әрекеті азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілгенге дейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", – делінген полиция хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript