Алматыда бір тәулікте жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 560 дерегі анықталды
Фото: Zakon.kz
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында 21 тамызда Алматы аумағында жол қозғалысы ережесін бұзудың 1 560 дерегі анықталды. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 196 өрескел құқық бұзушылық бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, анықталған заң бұзушылықтардың ішінде:
- көлікті мас күйінде басқару – 9 дерек;
- көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі – 1 дерек;
- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік жүргізу – 2 дерек;
- маневр жасау ережесін бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау ("шашки") – 77 дерек;
- қауіпсіздік белдігін тақпау – 63 дерек;
- қарсы қозғалыс жолағына шығу – 5 дерек;
- көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану – 39 дерек.
Сонымен қатар 42 көлік арнайы тұраққа қойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript