Төртеуі де егіз: Ақтауда ерекше отбасы сайлауда дауыс берді

2026 жылғы 23 тамызда Ақтаудағы №66 сайлау учаскесіне бірден екі жұп егіз келіп, дауыс берді. Егіз ағайынды Төребек пен Жолдасбек Төлепбергенұлы сайлауға егіз апалы-сіңлілі жұбайларымен бірге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 09:33 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылғы 23 тамызда Ақтаудағы №66 сайлау учаскесіне бірден екі жұп егіз келіп, дауыс берді. Егіз ағайынды Төребек пен Жолдасбек Төлепбергенұлы сайлауға егіз апалы-сіңлілі жұбайларымен бірге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туыстық қатынас қана емес, ерекше отбасылық тарих тоғыстырған екі отбасы сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауын жасады.

Төребек Төлепбергенұлының айтуынша, сайлауға бүкіл отбасымен қатысудың олар үшін маңызы ерекше.

"Елдің болашағына қатысты маңызды оқиғадан шет қалмау біз үшін маңызды. Бүгін отбасымызбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасап, азаматтық ұстанымымызды білдірдік", – деді ол.

Төребектің жұбайы Асыл Биназарова да сайлауға қатысуды өзінің азаматтық борышы санайтынын атап өтті.

Осылайша, Ақтаудағы сайлау учаскелерінің бірінде ерекше отбасылық тарихы бар төрт адам – егіз ағайындылар мен олардың егіз жұбайлары бірге дауыс берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: