Сайлау учаскелері жіті бақылауда: ІІМ елдегі ахуалды баяндады

Құрылтай сайлауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2026 16:11 Сурет: Zakon.kz.
Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні қоғамдық жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы 2026 жылғы 23 тамызда ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) ресми өкілі Шыңғыс Алешев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, министрлік елдің барлық өңіріндегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап отыр. Мониторинг жүргізу үшін ІІМ-нің Жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылуда.

Көшелер, қоғамдық орындар және сайлау учаскелеріне іргелес аумақтар бейнебақылау камералары арқылы тұрақты визуалды бақылауда.

"Қалалық және аудандық бөлімшелерде кез келген өтініш пен ақпаратқа жедел әрекет етуге дайын мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. Жағдайды бақылау үздіксіз жүргізіледі – тікелей оқиға орнында да, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы да", – деді Шыңғыс Алешев ОКҚ-дағы онлайн-марафон аясындағы брифингте.

Ол азаматтардан немесе сайлау комиссияларынан өтініш түскен жағдайда полиция қажетті шараларды жедел қабылдауға дайын екенін атап өтті.

"Азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, жауапкершілік танытып отырғаны үшін алғыс айтамыз. Полиция қызмет атқаруын жалғастыруда", – деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 қазақстандықтың бюллетень алғанын жазған болатынбыз. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,12%-ынқұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: