Қазақстан өзін авиаотынмен толық қамтамасыз етпейді – Энергетика министрі

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 14:06 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 25 тамызда Үкіметтегі брифингте Қазақстанды авиаотынмен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, елдің авиаотынға деген қажеттілігі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік мүмкіндігінен жоғары.

"Бүгінде Қазақстан өзін авиаотынмен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Еліміз жылына шамамен 850 мың тонна авиаотын өндіре алады. Ал оған деген қажеттілік түрлі бағалаулар бойынша жылына 1,1-1,2 млн тоннаны құрайды. Жетіспейтін көлемді Ресейден және басқа елдерден импорттаймыз", – деді Ерлан Ақкенженов.

Ол жуырда Алматы әуежайына Еуропада өндірілген авиакеросиннің алғашқы партиясы жеткізілгенін атап өтті.


"Енді әуе компаниялары қалаған жағдайда ұшақтарға еуропалық авиаотын құюға мүмкіндік бар", – деп толықтырды Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Энергетика министрі Қазақстанда қанша бензин қоры бар екенін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: