Алматыда BMW жүргізушісі жол ережесін 66 рет өрескел бұзып, 2,4 млн теңге айыппұл жинаған

Жол, жол-көлік оқиғасы, тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 15:30 Сурет: Instagram/almaty.prokuratura
Алматыда Жол қозғалысы ережесін ең көп өрескел бұзған тұрғын анықталды. Ол BMW көлігінің жүргізушісі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік астана прокуратурасы 2026 жылғы 25 тамызда оқиғаның мән-жайын жариялады:

"Қала прокуратурасы BMW маркалы көлікті анықтады. Оның жүргізушісі жыл басынан бері ЖҚЕ-ні 66 рет өрескел бұзып, 2,4 млн теңгеден астам айыппұл арқалаған. Оның 58-і жылдамдық режимін бұзу фактісі", – делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, салынған айыппұлдар сол жерде төленген.

Қадағалау органының мәліметінше, соңғы тәулікте Алматы аумағында ЖҚЕ-ні бұзудың 1699 фактісі анықталған. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 230 өрескел құқық бұзушылық бар.

Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында:

  • көлікті мас күйінде басқару – 13 факт;
  • көлік басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі – 1 факт;
  • жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен көлік жүргізу – 2 факт;
  • маневр жасау ережелерін, соның ішінде қауіпті маневр жасауды ("шашка") бұзу – 103 факт;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 71 факт;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу – 9 факт;
  • көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану – 31 факт.

Бұдан бөлек, 20 көлік арнайы тұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: