Мемлекет басшысы: Мектептер сапалы біліммен қатар тағылымды тәрбиенің ошағы болуы керек

Первоклассники, первый класс, школьники, ученики младших классов, начальные классы, школа, 1 сентября, первое сентября, школьная линейка, День знаний, первый звонок, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 15:10 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде сапалы білім берумен қатар, бала тәрбиесіне де ерекше мән беру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің пікірінше, қоғамда заң мен тәртіпке, тазалық пен мәдениеттілікке негізделген жаңа этиканы қалыптастыру ең алдымен жас ұрпақ тәрбиесінен басталуы тиіс.

"Қазір елімізде 7 миллионға жуық бала бар. Жастармен қоса есептегенде олардың үлесі халық санының жартысына жуықтайды. Еліміздің келешегі жарқын болсын десек, ең алдымен, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы балалардың бойына отаншылдық, білімпаздық және еңбекқорлық сияқты құндылықтарды сіңіру маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлінбесе, жаңа мектептер салу мен білім беру саласына заманауи технологияларды енгізудің өзі күткен нәтижені бермеуі мүмкін.

"Мектептер сапалы біліммен қатар тағылымды тәрбиенің ошағы болуы керек. Балалар мектепке зор ынтамен баруы қажет. Олар мектепті білім алатын, құрдастарымен араласатын және өміріндегі ең тамаша жылдарды – балалық пен жастық шақтың шынайы ғажап кезеңдерін өткізетін өз үйіндей қабылдауы керек", – деді Президент.

Бұған дейін Мемлекет басшысы білім сапасы төмен өңірлердің әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: