Қызметі төмендетіліп, басқа өңірге ауыстырылған: Астанадағы қасбет құлағаннан кейін құтқарушыларға не болды

Спасательная служба, спасательные службы, спасатели, спасатель, МЧС РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 13:23 Фото: Zakon.kz
Астана қаласы ТЖД №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Аян Кемпіров 2026 жылғы 27 тамызда фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол сот отырысында куәгер ретінде сөз сөйледі. Құтқарушыдан қазіргі қызметі және қайғылы оқиға болған күні атқарған лауазымы сұралды.

"Қазір өрт сөндірушімін, бұған дейін бөлімше командирі болдым", – деді Аян Кемпіров.

Оның қызметі осы оқиғаға байланысты төмендетілді ме деген сұраққа куәгер бұл ақпаратты растады.

Сондай-ақ ол қасбет құлаған кезде оқиға орнына бірге барған әріптестерінің кейінгі тағдыры туралы айтып берді.

"Білмеймін, ештеңе айта алмаймын. Райымбек басқа өңірге ауысты. Нұрсұлтан жұмыс істеп жүр, ол да өрт сөндіруші", – деді куәгер.

Бұған дейін құтқарушылар камераның істен шығуына байланысты оқиғаны видеоға түсіре алмағаны туралы жазған болатынбыз.

26 тамызда сот Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша қорғау тарапының өтінішін қанағаттандырмады.

Сонымен қатар қорғау тарапы судья Меруерт Абаеваны істен шеттетуді талап етті. Сот отырысының басында сотталушының екінші адвокаты Асхат Әлиов процессті кейінге қалдыруды сұрады. Оның айтуынша, іске жақында кіріскендіктен, іс материалдарымен танысып, қорғау ұстанымын айқындап үлгермеген.

Сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Судья адвокаттың сот отырыстарының арасында іс материалдарымен таныса алатынын айтты. Осыдан кейін Әлиов судьяның әрекетіне қарсылық білдіріп, оны сот хаттамасына енгізуді сұрады.

Оқиға 2025 жылғы 8 қарашада болған. Сол күні Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы ғимараттың сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлап, салдарынан қайғылы жағдай орын алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: