Әлеуметтік мемлекет ретінде азаматтардың әлеуетін арттыруға әрдайым баса мән береміз – Президент

Население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, люди, молодежь, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 11:48 Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан азаматтардың әлеуетін арттыруға әрдайым баса мән береді. Бұл туралы Президент мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұзақмерзімді пайдасы бар стратегиялық маңызды жобаларды қаржыландыру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан да қаражат бөлу көзделген.

Президент Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз жұмсалмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, кез келген қордың, әсіресе Ұлттық қордың тиімділігі келер ұрпақтың игілігі жолындағы нақты нәтижемен өлшенуі тиіс.

Мемлекет басшысы Ұлттық қордың пайдасын балалар қазірдің өзінде көріп отырғанын айтты. Олардың есепшоттарына қомақты қаражат аударылып жатыр. Сонымен қатар алдағы уақытта өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи әрі сапалы инфрақұрылымды дамыту қажеттігіне назар аударылды, деп айтты Президент.

Бұл жұмыстар Қазақстанның алдағы ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қалыптастыруға бағытталған. Президент бұл мәселеге Қазақстан халқына арналған алдағы Жолдауында кеңірек тоқталатынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: