Жастарға еңбек пен тәртіптің қаншалықты маңызды екенін түсіндіруіміз керек – Президент

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2026 11:48 Фото: Zakon.kz
Қазақстан ғылымды, озық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға басымдық беріп, инновациялық өркендеу жолына бағыт алды. Бұл туралы Президент Құрылтай отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің әлеуметтік мемлекет ретінде азаматтардың әлеуетін арттыруға баса мән береді. Осы ретте білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және креативті индустрия салаларын жан-жақты дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

Президент мақсатшыл, табанды және еңбекқор азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолайлы жағдай жасалатынын атап өтті.

Сонымен қатар жастарға еңбек пен тәртіптің маңызын түсіндіру қажеттігіне тоқталды.


"Біз жастарға еңбек пен тәртіптің қаншалықты маңызды екенін түсіндіруіміз керек. Себебі, бұл – табысқа жетудің көзі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы азаматтардың жаңа дәуірде құқықтық сауатсыздықтың, әлеуметтік масылдықтың, жөнсіз сөз бен орынсыз сынның пайдасы жоқ екенін түсінуі маңызды екенін айтты. Оның пікірінше, мұндай құбылыстар елдің өсіп-өркендеуіне кедергі келтіреді.

Сондай-ақ Президент салиқалы ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін атап өтті. Бұл мәселе бұған дейін Тамыз конференциясында да арнайы көтерілгенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: