Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2026 14:58 Фото: pixabay
"Қазгидромет" 2026 жылғы 30 тамызға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбі күні "Қазгидрометтің" болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы ықтимал.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысы мен шығысында, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында, Абай облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: