Алматыда ер адам самокаттан құлап, көз жұмды
Фото: Zakon.kz
Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам түнгі уақытта жол жиегіндегі жиектасқа соғылып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам самокатты басқара алмай қалып, жиектасқа соғылған. Соққыдан кейін қатты құлап, ауыр жарақат алған.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер ер адамның өмірін сақтап қалуға бірнеше минут бойы әрекет жасағанымен, оның алған жарақаты тым ауыр болып, көз жұмды.
Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм шлем және басқа да қорғаныс құралдарынсыз жүрген.
Қазір оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript