Электр жарығы өшуі мүмкін: Алматыдағы ең көп қарызы бар тұрғын үйлердің тізімі жарияланды
Фото: unsplash
Мамандар қазіргі таңда тұтынылған электр энергиясы үшін төлем жасауға қатысты жағдайдың күрделенгенін атап өтті.
Сондықтан 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап электр энергиясы бойынша берешегі бар үйлерде электр қуатын беру шектелуі немесе толықтай тоқтатылуы мүмкін.
28 тамыздағы жағдай бойынша Алматыда электр энергиясы үшін ең көп қарыз жинаған тұрғын үй кешендерінің тізімі:
- "Алма Сити 5/2" – 125,94 млн теңге;
- "Alatau City" – 109,37 млн теңге;
- "Жасқанат" – 104,21 млн теңге;
- "Алма Сити 1,2,3" – 102,63 млн теңге;
- "Medeu City" – 102,18 млн теңге;
- "Алма Сити 4" – 60,17 млн теңге;
- "Tamarix" – 56,20 млн теңге;
- "Мирас" – 37,14 млн теңге;
- "Altin City" – 25,54 млн теңге;
- "Алтын Бұлақ-1" – 22,63 млн теңге;
- "Etasa Резиденс" – 21,13 млн теңге;
- "RAMS CITY" – 20,24 млн теңге;
- Ерменсай шағынауданы – 19,27 млн теңге;
- "Драгон Сити" – 19,15 млн теңге;
- "Өжет" – 18,59 млн теңге;
- "Meridian Apartments" – 14,09 млн теңге;
- "Four Seasons" – 13,99 млн теңге;
- "Rams City" – 12,89 млн теңге;
- "Алем сити 1" – 12,67 млн теңге;
- "Qargaly City" – 10,36 млн теңге;
- "София" – 10 млн теңге;
- "Алма сити 4/2" – 9,84 млн теңге;
- "Сити плюс" – 9,53 млн теңге;
- "Titul Town" – 7,36 млн теңге;
- "Жерұйық" – 6,45 млн теңге;
- "Есентай Сити" – 6,18 млн теңге;
- "Biography" – 6,08 млн теңге;
- "Exclusive Юбилейный" – 5,99 млн теңге;
- "Амаль" – 5,93 млн теңге;
- "Эдельвейс" – 5,62 млн теңге;
- "Melody" – 4,89 млн теңге;
- "Көк Жиек сити" – 4,75 млн теңге;
- "Ақкент" – 4,12 млн теңге;
- "Nomad City 2" – 4 млн теңге;
- "Гүл Ана" – 3,94 млн теңге;
- "Time City" – 3,39 млн теңге;
- "Central Avenue" – 3,07 млн теңге;
- тұрғын алап (С. Н. Каталбаева) – 2,91 млн теңге;
- "ТАН" ПК тұрғын алабы – 2,8 млн теңге;
- "Асу" ПК жатақханасы – 2,82 млн теңге;
- "Европолис" – 2,80 млн теңге;
- "Alem City" – 2,59 млн теңге;
- "Академик" ПК жатақханасы – 2,57 млн теңге;
- "Luxury" – 2,57 млн теңге;
- "Қадам" – 2,56 млн теңге;
- "Rams Luxury" – 2,53 млн теңге;
- "СТ Сервис" ПК тұрғын алабы – 2,48 млн теңге;
- "Радужный берег" – 2,47 млн теңге;
- "Saxon Yard" – 2,16 млн теңге;
- "Lancashire" – 2,10 млн теңге.
Алматы облысында:
- "Gate City" – 36,74 млн теңге;
- "Ашық төбе" – 14,57 млн теңге;
- "Aspan City-2" – 13,11 млн теңге;
- "Достар", "Алматау" тұрғын үй кешендері – 12,05 млн теңге;
- "Qazyna" ("Казына") – 4,98 млн теңге;
- "Арнау" – 1,24 млн теңге.
Айта кетейік, 2026 жылғы 14 тамызда Қазақстанда жаппай электр қуаты өшіп, сегіз облыс жарықсыз қалған болатын.
"KEGOC" АҚ мәліметінше, Тоқтоғұл ГЭС-інде жалпы қуаты 600 МВт болатын екі гидрогенератор істен шыққан. Бұл Солтүстік – Оңтүстік транзитіне қуаттың шамадан тыс түсуіне және оның артық жүктелуіне әкелді.
Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Қазақстанның оңтүстік аймағы елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінен және Орталық Азияның Біртұтас энергетикалық жүйелерінен ажыратылды.
Осының салдарынан Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысы, Ұлытау және Абай облыстарында тұтынушылардың электр қуаты өшірілді.
20 тамызда Қазақстандағы электр қуатының жаппай өшуінен кейін Энергетика министрлігінің ауқымды жоспарлары белгілі болды. Ведомство электр энергиясын өндіру қуаттарын арттыру және қажетті резерв қалыптастыру жоспарлары туралы мәлімдеді.