Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 09:35 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін Қазақстанның бірден үш ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Осыған байланысты тұрғындарға көшеде көп жүрмеу керектігі ескертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылды:

"2026 жылғы 1 қыркүйекте Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына сыртта жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе автожолдардың маңында немесе басқа да ластану көздеріне жақын жерде ұзақ уақыт болмаған жөн.

Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүрген кезде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.

Еске слайық, 2026 жылғы 31 тамызда Павлодар, Ақтөбе, Астана және Атырау тұрғындарына да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: