Қолдарына матрас ұстаған студенттер әлеуметтік желіні шулатты

матрас ұстаған студенттер әлеуметтік желіні шулатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 09:43 Сурет: threads/bekenti_like
Әлеуметтік желіде алматылық студенттердің матрас көтеріп бара жатқан видеосының астына қазақстандықтар түрлі пікір қалдыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әдеттен тыс видео Threads әлеуметтік желісінде пайда болған. Ролик авторы bekenti_like оқиғаның Алматыда болып жатқанын атап өткен. Алайда кадрларда нақты не болып жатқаны түсініксіз.

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты қазақстандықтар түрлі болжам жасады: біреулері студенттердің баспана таба алмай жүргенін айтса, енді бірі олардың үнемшілдігін сөз етті. Қалай болғанда да, видео көпшіліктің студенттік жылдарын еске алуына себеп болды:

— Біздің кезімізде Threads болмағаны қандай жақсы болған. Қыста кілемді үш қыз болып көтеріп жүретінбіз.

— Бұл — олардың өміріндегі ең бақытты кезеңі, олар мұны ешқашан ұмытпайды.

— Студенттік өмірдің қызығы да осында.

— Қандай сүйкімді!

Алайда бұл қазақстандықтардың назарын аударған жалғыз видео емес. 2026 жылғы 1 қыркүйекте Алматы тұрғындарының бірі оқу жылының басталуына байланысты адамға лық толған метро кадрларымен бөлісті.

Белгілі болғандай, таңғы сағат 6:00-ден 15:00-ге дейін Алматы метрополитенінің қызметін шамамен 40 мың жолаушы пайдаланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: