Димаш Құдайбергеннің жаңа туындысы әлеуметтік желіні шулатты

Димаш Құдайбергеннің жаңа туындысы әлеуметтік желіні шулатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2025 22:36 Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 9 наурыз күні оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Instagram-дағы парақшасында жаңа бейнебаянын қолдаған жанкүйерлеріне алғыс айтты.

"Жаңа бейнебаяныма қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Пікірлерге қарағанда, менің шетелдік тыңдармандарымның белсенділігінің арқасында жаңа бейнебаянымыздың таралымы мен қаралымы көбейіп жатыр. Сондай-ақ, жақын арада бейнебаянымыздың екінші бөлімін аяқтайтынымыз туралы да айта кетейік", - деп жазды Димша Құдайберген.

Бұл жазба 10 мыңдаған лайк жинап, мыңдаған пікір жазылған:

  • Біз де қайта-қайта қарап жатырмыз;
  • Керемет жұмыстың нәтижесі, барлық шығармашылық ұжымына көп рақмет, келесі бөлігін асыға күтеміз;
  • Керемет! Тамаша! Сәттілік! Аман-есен болыңыз;
  • Өте керемет шыққан, Димаш, балам, сенің әндеріңді жүрекпен тыңдаймын, көзіме жас толассыз келеді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: