Ақтөбеде әпкелі-інілі азаматтар жоқ пәтерді жалға беріп, тұрғындарды алдаған

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 11:34 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде полиция қызметкерлері интернет арқылы бірнеше алаяқтық жасады деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілердің танымал интернет-платформаға Алматыдағы пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландыру орналастырғаны анықталды. Олар интернеттен жүктелген пәтердің фотосуреттерін пайдаланып, нарықтағыдан төмен баға ұсынған.

Жазғы демалыс кезінде Алматыға баруды жоспарлаған бірнеше ақтөбелік жалған хабарландыруға сеніп қалған. Қоңырау шалған азаматтарға күдіктілер өздерін пәтер иелері ретінде таныстырып, алдын ала төлем талап еткен.

Жәбірленушілер олардың шоттарына 10 мыңнан 55 мың теңгеге дейін ақша аударған. Қаражатты алғаннан кейін күдіктілер байланысты үзген.

Қазіргі уақытта төрт жәбірленуші анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің Ақтөбе қаласының тұрғындары екені белгілі болды.

Алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған 33 жастағы әйел мен 24 жастағы ер адам туған әпкелі-інілі болып шықты. Полиция бөліміне жеткізілген күдіктілер кінәсін мойындады.

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: