Ел азаматтары қыркүйекте қанша күн демалады

Күнтізбе, қыркүйек, демалыс күндері, 2026, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2026 22:55 Сурет: pexels
2026 жылдың қыркүйек айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар сегіз күн демалады. Олардың барлығы әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне сәйкес келеді, яғни бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Қыркүйек айында ұзартылған демалыстар мен мерекелер күтілмейді, сондықтан:

  • аптасына бес күн жүмыс істейтіндер 22 күн еңбек етіп, 4 сенбі және 4 жексенбіні қоса алғанда, барлығы 8 күн демалады;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер жексенбі апта бойындағы жалғыз демалыс күні болғандықтан, барлығы 4 күн демалып, 26 күн тер төгеді.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Сондай-ақ Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен күнтізбедегі атаулы даталарға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, енді жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақ тазысы мен төбеті күні атап өтілетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: