"Аптап ыстық қайта оралады". Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаев алдағы 7 күнге арналған ауа райының алдын ала болжамын ұсынды.
Синоптиктің айтуынша, алдағы аптада Алматыда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, көбінесе қаланың таулы аудандарында болатыны болжанады. Аптаның бірінші жартысында күндізгі ауа температурасы +22...+24°С-ден +33...+35°С-ге дейін біртіндеп көтеріледі.
"Синоптикалық жағдайға сәйкес, 5-7 қыркүйек аралығында ел аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Осыған байланысты Алматыда қолайлы ауа райы күтіледі. Сонымен қатар 6 қыркүйекке қараған түні қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін", - дейді Дәулет Кісебаев.
Сонымен қатар мамандар 11 қыркүйектен бастап ауа райы құбылып, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжайды.
"Осы жағынан алғанда, Алматыда алдағы апта қолайлы температурамен басталып, күн күрт жылынады, бірақ апта соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, сынап бағаны төмендейді", деп сөзін түйіндейді гидрометеоорталық өкілі.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 5-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы:
- 5 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +22...+24°С.
- 6 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде аздап жаңбыр жауады. Шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +24...+26°С.
- 7 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +26...+28°С.
- 8 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +29...+31°С.
- 9 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +31...+33°С.
- 10 қыркүйек: аспан бұлтты, күн рай жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз: +33...+35°С.
- 11 қыркүйек: аспан бұлтты, таңертең және күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, кей уақыттардағы екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +26...+28°С.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.