"Шаңды дауыл соғады". Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұлт, шаңды дауыл, ауа райы болжамы, 5 қыркүйек, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 20:46 Сурет: pexels
Қазақстанның 15 облысында 5 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 5 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 5 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 5 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 5 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүретіні болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде және таңертең Өскеменде 5 қыркүйекте тұман түсетіні болжанады.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 5 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында аздап жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз облыстың таулы аудандарында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 5 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, сондай-ақ облыс бойынша жалпы төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 5 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: