Қазақстанда 11 мың шақырым жол жөнделіп, жаңадан салынып жатыр

Дорожное строительство, строительство трассы, укладка асфальта, строительство дороги, ремонт дороги, ремонт трассы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2026 11:03 Фото: primeminister.kz
2026 жылы Қазақстанда шамамен 11 мың шақырым автомобиль жолы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде 3,4 мың шақырымда құрылыс жүргізілсе, 5 мың шақырымға жуық республикалық және 2,4 мың шақырым жергілікті маңызы бар жол жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ірі жобалардың қатарында "Ақтөбе – Қызылорда", "Бейнеу – Сексеуіл", "Сарыағаш стансасын айналып өту", "Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы", "Орталық – Батыс" және "Қарағанды – Жезқазған" бағыттары бар.

Сонымен қатар "Бейнеу – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Қызылорда – Сексеуіл" автожолдарының құрылысы басталды. Үш магистральдың жалпы ұзындығы 1 574 шақырым болады. Жобаларды 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

Бұл жолдардың іске қосылуы Қытай – Еуропа бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы жүк жеткізу уақытын үш тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін нормативтік жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 95%-ға, жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 92%-ға жеткізу көзделген.

Бұдан бөлек, ақылы автомобиль жолдарының ұзындығы жыл соңына дейін 6,3 мыңнан 6,7 мың шақырымға дейін ұлғаяды.

Автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары да жүргізіліп, ЕАЭО-ның ішкі шекарасындағы 39 өткізу пунктінің 37-сінде реконструкция жүріп жатыр. Бұл олардың өткізу қабілетін арттырып, шекарадан өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: