Әкімдік 61 млн теңгеге сегіз қызметтік көлік алмақ болған: прокуратура мұны тоқтатты

Госзакупки, госзакуп, государственные закупки, государственный бюджет , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2026 14:02 Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында прокуратура бюджет қаражатының 61 млн теңгеден астам сомасының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл шілде айында аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алулар веб-порталына 8 қызметтік автокөлікті жалпы құны 61,4 млн теңгеге сатып алу туралы хабарландыру орналастырған. Алайда бұл сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 қаулысымен енгізілген мораторий талаптарына қайшы болған.

Прокурордың наразылығынан кейін мемлекеттік сатып алу рәсімдері тоқтатылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілді.

Прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік мүдделерді қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: