Ертіс жағалауын нығайтқан мердігерден 15,7 млн теңге өндірілді
Фото: Zakon.kz
Абай облысының Бесқарағай ауданында Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары кезінде заң бұзушылық анықталды. Прокуратураның тексеруінен кейін мердігер ұйымнан бюджетке 15,7 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы прокуратурасының хабарлауынша, 2025 жылдың соңында "Техсервиском" ЖШС Ертіс өзенінің 600 метрлік жағалау учаскесін нығайту жұмыстарын жүргізген. Алайда прокурорлық тексеру барысында компанияның қажетті рұқсат құжаттарынсыз елді мекен жерлерінен инертті материалдарды өз бетінше өндіргені белгілі болды.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы ("Жер қойнауын өз бетінше пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар, қадағалау актісінің негізінде заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сот мердігер ұйымды инертті материалдарды сатып алуға бөлінген, бірақ негізсіз алынған 15,7 млн теңгені мемлекетке қайтаруға міндеттеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript