Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында 95 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған

Павлодар облысы, бюджет қаражатын жымқыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 13:54 Сурет: pixabay
Павлодар облысында ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды. Өңірде цифрландыруды қамтамасыз етуі тиіс мердігер компания ақауы бар ақпараттық жүйе үшін 95 млн теңге алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының прокуратурасының 12 желтоқсан күні мәлімдеуінше,  облыстық прокуратура Цифрлық технологиялар басқармасында бюджет қаражатының жұмсалуын тексеру барысында, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша нақты көрсетілмеген қызметтер үшін актілерге қол қоюдан көрінген ысырап ету фактісін анықтады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде өнім беруші ақпараттық жүйелердің бірінің жарамдылығын қамтамасыз етуге міндеттенді. Алайда, белгілі болғандай, 2022 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін жүйе жұмыс істемеген, бұл ретте тапсырыс беруші 95 млн теңге сомасында бюджет қаражатын төлеген.

Павлодар облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде мүлікті ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: