Павлодар облысында бірнеше ірі нысан бюджет қаражатын ұтымсыз пайдаланып келген
Фото: pexels
Павлодар облысында бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
24KZ ақпаратынна сүйенсек, "Достық" ықшамауданындағы мектеп жобасының құны 1 миллиардтан сәл асқанымен, оның құрылысына жергілікті әкімдік 2 млрд 200 млн теңге бөлген. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері 2,5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл болды.
Бұл ретте Антикорға еріктілер тобы едәуір көмек көрсеткен.
"Волонтерлер Павлодар қаласындағы теміржол көпіріне орнатылатын қымбат сәулеттік жарық қондырғысын сатып алудың жолын кесті. Оған жергілікті әкімдік 133 млн теңге қарастырған. Заңбұзушылық анықталғаннан кейін Павлодар қаласының әкімдігі сатып алудан бас тартты".Мереке Қожабергенов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға қызметкері
Бұған дейін ҚМА-ның қаржы пирамидаларын құру фактілері бойынша 57 қылмыстық істі тергеуді аяқтағаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript