Павлодар облысында бюджеттің 560 млн теңгесі желге ұшты

Экономика, экономика Казахстана, экономика РК, экономическое развитие Казахстана, деньги, тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 13:21 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлердің бюджет қаржысын жымқырғаны анықталды.

Мәселен, өңірлік ақпараттындыруды дамыту орталығының лауазымды тұлғалары 110 млн теңгені жоқ қылған.

Ал бұл қаржы ауылдық жерде және қоғамдық орындарда WI-FI орнатуға бөлінген. Шенділер цифрландыру процесін тек қағаз жүзінде орындай салған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Ақсу қаласында құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы көп қабатты тұрғын үй салып жатқан мердігерге алдын ала 450 млн теңгені аударып жіберген.

Тапсырылатын мерзімі жетіп, одан кейін жылдар өтсе де ол үйдің құрылысы әлі біткен жоқ. Осы екі дерек бойынша өңір прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

"Прокурорлық тексеру барысында бұл жұмыстарды орындамау фактілері анықталды. Яғни, орындалмаған жұмыстар үшін мердігерге ақша төленген. Қазіргі таңда келісімшарт жойылған. Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды." Әділ Жұмабеков облыстық Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: