Инватакси қызметін пайдалануға арналған медициналық көрсетілімдер тізбесі бекітілді

Инватакси, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 14:06 Фото: gov.kz
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 3 қыркүйектегі бұйрығымен мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау қызметін көрсетуге арналған медициналық көрсетілімдер тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізбеге мынадай 18 медициналық көрсетілім енгізілді:

  • көздің көрмеуі;
  • түзетумен екі көздің көру жітілігінің 0,03-ке дейін төмендеуі;
  • ауыр дәрежедегі вестибулярлық-мишықтық бұзылыстар;
  • ауыр дәрежедегі гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
  • ауыр дәрежедегі паркинсонизмнің акинетикалық-ригидті түрі;
  • ауыр дәрежедегі гемипарез, төменгі парапарез, трипарез және тетрапарез;
  • ауыр дәрежедегі гемиплегия, триплегия, параплегия, тетраплегия және диплегия;
  • қан айналымы мен тыныс алу функцияларының ауыр дәрежеде бұзылуы: қан айналымының III сатыдағы жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныптағы стенокардияға сәйкес коронарлық жеткіліксіздік, өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің II–III және III сатыларымен қатар жүретін III дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі және басқалар;
  • несеп шығару жүйесі функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы, оның ішінде диализ терапиясын алатын адамдар;
  • ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының ауыр дәрежеде бұзылуы, оның ішінде буын функцияларының III–IV дәрежеде бұзылуы;
  • протездеуге келмейтін және қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың ампутациялық тұқылдары;
  • протездеуге келмейтін және қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың туа біткен даму ауытқулары;
  • протездеуге келмейтін екі санның ампутациялық тұқылдары;
  • протездеуге келмейтін, қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын қол функцияларының айқын бұзылуымен қатар жүретін екі сирақтың ампутациялық тұқылдары;
  • жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуына әкелетін аяқтардың туа біткен даму ауытқулары;
  • қозғалыс құралдарын пайдалануды қиындататын қол функцияларының айқын бұзылуымен қатар жүретін екі жамбас немесе тізе буынының анкилоздары мен контрактуралары және буын функцияларының III–IV дәрежеде бұзылуы;
  • заңды өкілдің бірге жүруін қажет ететін мінез-құлықтың ауыр бұзылыстарымен сипатталатын психикалық аурулар;
  • иммундық жүйенің ауыр дәрежедегі туа біткен бұзылыстары.

Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қазақстанда комада жатқан пациенттерге мүгедектікті рәсімдеу тәртібі жеңілдетілгені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: