"Шотыңызды бұғатталады": қазақстандықтарға алаңдатарлық қоңыраулар мен хабарламалар туралы ескерту жасалды

 "Шотыңызды бұғатталады": қазақстандықтарға алаңдатарлық қоңыраулар мен хабарламалар туралы ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 14:50 Сурет: pexels
Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге қоңырау шалып, олардан кодтарды, құпиясөздерді және жеке деректерді атауды талап етпейді. Бұл туралы 2026 жылғы 11 қыркүйекте Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандықтарға еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері салық төлеушілерге жаппай қоңырау шалмайды және телефон арқылы SMS-тегі кодтарды, құпиясөздерді, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) деректерін, банк карталарының реквизиттерін немесе басқа да жеке мәліметтерді талап етпейді.

Салық органдары телефон арқылы "декларация тапсырылмағаны", "есептіліктегі қателер", "тергеу жүргізіліп жатқаны" немесе "банк шоттары дереу бұғатталатыны" туралы хабарламайды. Сондай-ақ мұндай ескертулерді WhatsApp, Telegram, бейтаныс нөмірлер арқылы жібермейді және "мәселені шұғыл шешуді" немесе бөгде сілтемеге өтуді ұсынбайды.

"Мемлекеттік кірістер органдарының ресми хабарламалары тек kgd.gov.kz және eGov.kz порталдарындағы Салық төлеушінің кабинетіне, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келеді. Міндеттемелердің, хабарламалардың және берешектің бар-жоғын жеке кабинеттен, e-Salyq Azamat және e-Salyq Business қосымшаларынан өзіңіз тексере аласыз", – деп еске салды ведомство.

Егер хабарлама заңнамада белгіленген мерзімде орындалмаса, өндіріп алу шаралары телефон қоңырауы арқылы емес, Салық кодексінде көзделген тәртіппен қолданылады.

"Егер сізге бейтаныс адамдар қоңырау шалып, өздерін салық органдарының қызметкері ретінде таныстырып, кодты, құпиясөзді немесе ЭЦҚ деректерін айтуды сұраса – әңгімені дереу тоқтатыңыз. Жіберілген сілтемелерге өтпеңіз және олардың нұсқауы бойынша ешқандай қосымша орнатпаңыз", – деп үндеу жасады Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

2026 жылғы 10 қыркүйекте Бас прокуратура қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа айла тәсілдері туралы ескерткен болатын. Алаяқтар өздерін eGov қызметкерлері ретінде таныстырады. Тек соңғы бір айдың өзінде елде осындай 30-ға жуық жағдай тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: