Бас прокуратура Қызылорда облысындағы екі жұмысшының өліміне қатысты істі қайта қарайтын болды

Генеральная прокуратура РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 16:44 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстанның Бас прокуратурасы Қызылорда облысында екі жұмысшының қаза болуына қатысты азаматтық талап-арыз бойынша істі қайта қарауға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, жұмысшылар кәріз құбырларын тазалау кезінде күкіртсутекпен уланып, қаза болған. Бұл іс бойынша мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның (МКК) бұрынғы директоры мен шебері Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі бойынша сотталған. Сот олардан жәбірленушілердің пайдасына материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы шешім шығарған.

Кейін жәбірленуші тараптың өкілі Бас прокуратураға жүгініп, сот тағайындаған өтемақыны сотталғандар төлемей отырғанын хабарлаған.

Алайда істі зерделеу барысында прокуратура еңбек инспекциясының қорытындысына сәйкес, қаза болған жұмысшылардың кінәсі 0%, ал жұмыс берушінің кінәсі 100% болғанын анықтады.

Прокуратураның мәліметінше, Азаматтық кодекс пен Жоғарғы Соттың түсіндірмелеріне сәйкес, қызметі қауіпті кәсіпорын осы қауіптілік көзінен келтірілген зиянды өтеуі керек.

Осыған байланысты Бас прокуратура кассациялық наразылық енгізіп, азаматтық талап-арыз бөлігіндегі сот шешімін қайта қарауды және МКК-ны азаматтық жауапкер ретінде іске тартуды талап етті.

"Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырды, азаматтық талап-арыз бөлігіндегі сот актілерінің күшін жойып, істі басқа құрамдағы сол сотқа жаңадан қарауға жіберді", – деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2026 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде жергілікті коммуналдық кәсіпорынның екі қызметкері кәріз құбырларын тазалау кезінде есінен танып қалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: