ШҚО-да кәріз құдығына бірінен кейін бірі түскен қос жұмысшы өмірмен қош айтыса жаздады

Кәріз құдығы, ШҚО, полицейлер, екі жұмысшы, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2026 18:09 Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов елдімекенінде полицей өз өмірін қатерге тіге отырып, "Молодежный" КМК-нің екі қызметкерін құтқарды. Олар кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Молодежный" КМК-нің екі қызметкері Қасым Қайсенов елдімекенінде №11 үйдің маңында кәріз құбырларын тазалау жұмыстарын жүргізген. Жұмыс барысында ер адамдардың бірі кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған. Әріптесіне көмектеспек болған екінші жұмысшы да артынан түсіп, ол да есінен айырылған.

"Оқиғаны Ұлан ауданының криминалисі Асет Нағашбаев байқап қалған. Ол сол маңнан өтіп бара жатып, кәріз құдығы жанындағы адамдардың айқайын естіп, дереу учаскелік полиция инспекторына хабар берген. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Тетепов жетті. Әр секундтың маңызды екенін түсінген ол кідірместен арқан сұратып алып, онымен кәріз құдығына түскен. Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, полицей әрекетін тоқтатпады. Ол санаулы минут ішінде алдымен бір жұмысшыны, кейін екіншісін шығаруға көмектескен. Одан соң екі азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", делінген полиция хабарламасында.

Полиция капитаны Асет Нағашбаевтың қырағылығы мен полиция майоры Нұрдәулет Тетеповтің батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Бұған дейін Абай облысында полицейлер қансыраған баланы құтқарғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: