"Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар" – Трамп Тоқаевты құттықтады

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2026 22:50 Фото: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз!" – деп жазылған құттықтау хатта.

Дональд Трамп Қазақстан халқының елдің бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін мақтан тұтатынын атап өтті.

"Мемлекеттеріміз арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін", – деді АҚШ президенті.
Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен алғашқылардың бірі болып құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2026 22:50

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ ол Қазақстан халқының "тегеурінді әрі батыл көшбасшысы" бар екенін атап, осы қуанышты сәтті қазақстандықтармен бөлісу өзі үшін зор мәртебе екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездескенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: