Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады   Мемлекет басшысы Қырғызстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Президент Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.   – Бұл айтулы мереке қырғыз халқының еркіндікке, дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысын айшықтайды. Осы жылдар ішінде Қырғызстан ел болып еңсе тіктеуден бастап, орнықты дамуға дейінгі жолды абыроймен еңсерді. Мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, бай рухани мұрасын сақтап қалды. Халықаралық аренада беделді елге айналды. Бұған Қырғыз Республикасының 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы жарқын мысал бола алады, – деп жазылған құттықтауда.   Жеделхатта елдерімізді ғасырлардан тамыр тартатын достық пен тату көршілікке негізделген бауырластық қарым-қатынас байланыстыратыны атап өтілген. Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды түрде нығая беретініне сенім білдірді.   Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына құт-береке тіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 09:11 Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 31 тамызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы бұл мереке қырғыз халқының еркіндікке, дербестік пен тәуелсіздікке деген ұмтылысын айшықтайтынын атап өтті.

"Осы жылдар ішінде Қырғызстан ел болып еңсе тіктеуден бастап, орнықты дамуға дейінгі жолды абыроймен еңсерді. Мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, бай рухани мұрасын сақтап қалды. Халықаралық аренада беделді елге айналды. Бұған Қырғыз Республикасының 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы жарқын мысал бола алады", – делінген құттықтауда.

Жеделхатта Қазақстан мен Қырғызстанды ғасырлардан тамыр тартатын достық пен тату көршілікке негізделген бауырластық қарым-қатынас байланыстыратыны айтылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі қарқынды нығая беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: