Семейде эскалатор әйелдің аяғын қысып қалды

Семейде эскалатор әйелдің аяғын қысып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 11:25 Сурет: ҚР ТЖМ
Семей қаласындағы сауда орталықтарының бірінде 36 жастағы әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

"Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен екі эскалатордың арасындағы технологиялық саңылауды ашып, әйелдің аяғын босатты", — деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Әйел босатылғаннан кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Ал Қарағандыда құтқарушылар тұрғын үйдің маңындабағана орнату үшін қазылған шұңқырға құлап кеткен кішкентай баланы алып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: