Тоқаев Пан Ги Мунмен БҰҰ реформалау туралы пікір алмасты
Сурет: akorda.kz
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы дамушы елдердің "жасыл экономика" моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталды. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасты.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 14 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Корея Республикасының бірқатар мемлекет және қоғам қайраткеріне II дәрежелі "Достық" орденін табыстағанын хабарлаған едік.