35 жыл тұрған қызметтік үйін өз атына рәсімдемек болған тұрғын соттан жеңілді

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 19:10 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысының тұрғыны 1991 жылдан бері тұрып келген үйі мен жер учаскесіне меншік құқығын тануды сұрап, сотқа жүгінген. Алайда сот оның талабын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір тұрғыны Шу ауданының әкіміне қарсы талап арыз берген. Ер адам мүлікті иелену мерзімінің ескіруіне байланысты өз атына рәсімдеуді көздеген. Ол үйді 30 жылдан астам уақыт бойы ашық, үздіксіз әрі еш кедергісіз пайдаланып келгенін алға тартқан.

Сот отырысы барысында даулы жылжымайтын мүліктің бастапқыда талапкерге "К." ұйымында жұмыс істеуіне байланысты тек қызметтік баспана ретінде берілгені анықталды.

Мұндай мәртебеде ұзақ жылдар бойы тұрудың өзі мүлікті жеке меншік деп тануға негіз болмайды.

"Сонымен қатар сот үйдің ұйым мүлкіне жататынын, ал ұйымның шаруашылық жүргізу құқығы тоқтатылмағанын және жойылмағанын анықтады. Бұл құқықтың мемлекеттік тіркеуден өтпеуі де оның тоқтатылғанын білдірмейді", – деп түсіндірді сот 2026 жылғы 15 қыркүйекте.

Қазіргі уақытта "К." ұйымы қарауыл үйлері мен оларға қызмет көрсетуге арналған жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соттың түсіндіруінше, мүлікті иелену мерзімінің ескіруіне байланысты меншік құқығын алу үшін адам мүлікті өз меншігіндей иеленуі керек. Бұл жағдайда талапкердің үйде тұруы еңбек қатынастарына және оған қызметтік баспана берілуіне байланысты болған.

Осылайша, сот ер адамның тұрғын үй мен жер учаскесіне меншік құқығын тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: