Қарағанды облысында мәслихат төрағасы жиналыс кезінде электронды темекі шеккен

Табак, табачная продукция, сигареты, никотин, табак, дым, курение сигарет, сигарета, курильщик, курильщики, электронные сигареты, электронная сигарета, вейп, вейпы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 21:42 Фото: unsplash
Қарағанды облысындағы аудандық мәслихат төрағасы жұмыс орнында темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 15 қыркүйекте пайда болды.

"Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Келгенұлы Саққұлақовқа өте ұқсайтын адам жиналыс кезінде тікелей жұмыс орнында темекі шегіп отыр. Ал қарапайым азаматтар қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін бірден жауапкершілікке тартылады", – делінген жазбада.

Қарағанды облысының полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Zoom платформасы арқылы өткен онлайн-кеңес кезінде қызметтік кабинетте отырған ер адамның электронды темекі қолданғаны бейнеленген видеоны анықтады. Тексеру нәтижесінде азаматтың жеке басы анықталды. Ол Қарағанды облысы Осакаров ауданы мәслихатының төрағасы болып шықты. Осы факті бойынша оған әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды", – деп хабарлады полиция.

Полиция өкілдері лауазым, мәртебе немесе қоғамдық жағдай заң талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: