Тоқаев Кореяда оқып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда білім алып, еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент отандастарымен емен-жарқын әңгімелесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды.
Кореядағы қазақстандықтар оқу мен қызметте қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, алдағы мақсат-межелерімен бөлісті.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript