Қазақстан құс пен жұмыртқа импортына жыл сайын 178 млрд теңге жұмсайды: депутаттар жағдайды өзгертуді ұсынды

Птицеводство, птицефабрика, птицы, курица, яйца, клеточная батарея, яичные куры, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 14:51 Фото: primeminister.kz
2026 жылғы 16 қыркүйекте Құрылтайдың пленарлық отырысында депутат Рабиға Тоқсейітова Қазақстанда жеке генетикалық база құрып, Құс шаруашылығының ұлттық ғылыми-зерттеу орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рабиға Токсейітова Қазақстанда құс еті мен жұмыртқа өндірісінің артып келе жатқанын атап өтті.

"Бұл – мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Алайда өндіріс көлемінің өсуіне қарамастан, құс шаруашылығына қажетті негізгі генетикалық және асыл тұқымдық материал шетелден сатып алынады. Сала өкілдерінің мәліметінше, жыл сайын шетелден шамамен 178 млрд теңгеге балапандар мен инкубациялық жұмыртқалар әкелінеді және бұл сома жыл сайын артып келеді. Бұл еліміздің шетелдік генетикаға, жеткізушілерге, валюта бағамына, халықаралық логистикаға және ветеринариялық-санитариялық шектеулерге тәуелді екенін білдіреді", – деді депутат.

Оның айтуынша, Қазақстанға өз генетикасын, кросстарын және технологияларын дамыту қажет. Ол үшін Құс шаруашылығының ұлттық ғылыми-зерттеу орталығын құру ұсынылып отыр.

"Бұл болашақта импортқа тәуелділікті азайтуға, валюталық шығындарды қысқартуға, құстардың өнімділігін арттыруға, жемге кететін шығын мен өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, биологиялық қауіпсіздікті күшейтуге, өзіміздің ғылыми мектебімізді қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, бұл отандық асыл тұқымды материалдың шетел нарықтарына шығуына жол ашады", – деп қорытындылады Тоқсейітова.

Бұған дейін депутат Ажар Сағандықова өсімдіктер дүниесіне келтірілген залал мөлшерін анықтау тәсілдерін және жауапкершіліктің мөлшеріне сәйкестігін қамтамасыз ету тетіктерін қайта қарауды ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: