Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 09:43 Сурет: Instagram/ulytau_oblysy
Бүгін, 2026 жылғы 17 қыркүйекте Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазған қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бүгіннен бастап облыс орталығын Мұрат Бөрібаев басқарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген.

"Металлургия", "Экономика және бизнес" мамандықтары бойынша бакалавр, сондай-ақ мемлекеттік менеджмент магистрі дәрежесі бар. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Қарағандытүстімет" өндірістік бірлестігінің "Нұрқазған" байыту фабрикасы бас корпусында 3-разрядты флотациялаушы болып бастаған.

2011-2012 жылдары "Нұрқазған" байыту фабрикасы басшылығының әкімшілік корпусында іс жүргізуші болып жұмыс істеді.

Кейін осы кәсіпорынның байыту фабрикасы бас корпусындағы бақылау цехының шебері қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары "Нұрқазған" байыту фабрикасы бас корпусының цех бастығы болды.

2013-2014 жылдары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Шығыстүстімет" өндірістік бірлестігі Орлов кенішінің байыту фабрикасында бас инженер қызметін атқарды.

2014-2015 жылдары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "ЖТМ" өндірістік бірлестігінің №1, 2 және 3 Жезқазған байыту фабрикаларындағы №2 бас корпустың цех бастығы болды.

2015-2017 жылдары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "КТМ" филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасын басқарды.

2017-2024 жылдары "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігінің №1, 2 және 3 Жезқазған байыту фабрикаларының директоры қызметін атқарды.

Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Сәтбаев қаласын басқарды.

Жезқазған қаласын 2022 жылғы маусымнан бері басқарған Қайрат Шайжанов отставкаға кетті. Ол бұл шешімін бүгін, 2026 жылғы 17 қыркүйекте Instagram парақшасында жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: