Астанада бойжеткеннің саусағы балмұздақ жасайтын аппаратқа қысылып қалды
Сурет: pexels
Астананың Нұра ауданындағы дүкендердің бірінде балмұздақ жасайтын аппаратқа қыздың саусағы қыстырылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 18 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылар электр құралдарының көмегімен аппараттың құрылымын кесіп, қыздың саусағын босатқан. Айтуларынша, оған медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ еске салады: төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Еске салайық, бұған дейін Семей қаласындағы сауда орталықтарының бірінде әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript